Текст и перевод песни
Кайрат Нуртас - Ауыртпай Алла анамды (Қайрат Нұртас)

Нота Нота Нота
Бақытын іздеп баладан
Бағына соны балаған
Әлдимен тербеп әлемді
Аман-сау жүрші жан анам
Аман-сау жүрші жан анам

Жаратқан барлық ғаламды
Таратқан барлық адамды
Мейірі шексіз бір Алла
Ауыртпа менің анамды
Мейірімді шексіз бір Алла
Ауыртпа менің анамды

Фәниде сенсің шырағым
Бақида сенсің жұмағым
Анашым сенің атыңнан
Киелі жалғыз құраным
Киелі жалғыз құраным

Жаратқан барлық ғаламды
Таратқан барлық адамды
Мейірімі шексіз бір Алла
Ауыртпа менің анамды
Мейірімі шексіз бір Алла
Ауыртпа менің анамды

Ана деп әнім самғаған
Тартуым болсын арнаған
Алақан жайып тілеймін
Амандығыңды Алладан
Амандығыңды Алладан

Жаратқан барлық ғаламды
Таратқан барлық адамды
Мейірімді шексіз бір Алла
Ауыртпа менің анамды
Мейірімді шексіз бір Алла
Ауыртпа менің анамды

Мейірімі шексіз бір Алла
Ауыртпа менің анамды

Ауыртпа менің анамды
Стрелка вверх Наверх